Нұр-Сұлтан "қызыл" аймақта: Бас санитар карантинді күшейтуге қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан "қызыл" аймақта: Бас санитар карантинді күшейтуге қатысты пікір білдірді
92
оқылды
Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Прәлиева коронавирустың өршуіне байланысты қала "қызыл" аймаққа енгендіктен, өңір тұрғындарына үндеу жасады.
"Алдағы мерекеде төрт күн демаласыздар. Барлықтарыңыздың туған-туыс, жақындарыңыздың қасында уақыт өткізуге мүмкіндіктеріңіз болады. Мен сіздерден үйде болуларыңызды сұраймын. Мен әрқайсысыңыз үшін алаңдаймын, сондықтан жақындарыңыздың денсаулығын ойлауды ұмытпаңыздар дегім келеді. Елімізде коронавирусқа қатысты жағдай тұрақты емес. Өздеріңіз білесіздер, 14 күн бойы қала "сары" аймақта болды. Соған қарамастан кәсіпкерлерді қолдау мақсатында сауда-ойын сауық орталықтары, базарларға осы мереке күндері жұмыс істеуге рұқсат беретін қаулы қабылданды.  Алайда 10 желтоқсаннан бастап қала "қызыл" аймаққа енгендіктен, карантинді күшейту мәселесін қарастырып жатырмыз", - деді Прәлиева брифинге.
Қаланың Бас санитарлық дәрігері тұрғындарды індеттен сақтану үшін қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.