Өгіз жолға шығып кетіп, автобус жолаушыларын жазым етті
Өгіз жолға шығып кетіп, автобус жолаушыларын жазым етті
87
оқылды

Үндістанның Раджастан штатында жан түршігерлік жол апатынан 12 адам қаза тапты, тағы 10-ы зардап шеккен,– деп хабарлайды 18news.com.

Таңертең Латурадан Қисарға бара жатқан шағын автобус жүргізушісі жолға шығып кткен өгізді қағып кетпеу үшін көлікті шұғыл бұрған. Салдарынан рульге ие бола алмай қалып, жолды бөліп тұрған бөгетке соғылады. Жол апатынан 12 адам, соның ішінде бес әйел және бір бала тіл тартпай кеткен. Полиция зардап шеккен төрт адам Джайпур ауруханасына, қалған алтауы Нагаурадағы ауруханаға жатқызылғанын мәлімдеді.