Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Әлеумет

Министрлік келесі жылдан бастап кімдердің жалақысы өсетінін хабарлады

Рая Мінап Рая Мінап
Желтоқсан 11, 2020
5.4k
қаралым

Қазақстанда 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік ұйымдардың 38,5 мыңнан астам әлеуметтік қызметкерінің жалақысы өседі. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен алдағы үш жылға шамамен 95 млрд теңге бөлінеді, – деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Жалақыны көтеру өз қызметін стационарлық (қарттар мен мүгедектерге арналған үйлер) және жартылай стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерінде (бұдан әрі – МӘМ) (күндіз болу бөлімшелері, оңалту орталықтары), уақытша болу мекемелерінде (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, тұрмыстық зорлық – зомбылық құрбандарына арналған оңалту орталықтары) жүзеге асыратын негізгі персонал (әлеуметтік қызметкерлер) мен басшы құрамға, сондай-ақ үйде қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлерге қатысты болады.

Нәтижесінде 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап лауазымдық жалақыны ұлғайту жолымен әлеуметтік қызметкерлер үшін жалақы 1,5 есеге, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ағымдағы мәннен 1,75 есеге, ал 2023 жылы 2 есеге өседі.

Сонымен қатар МӘМ әкімшілік және көмекші қызметкерлерінің жалақысын лауазымдық жалақыға қосымша ақыны 30-дан 40% – ға дейін арттыру арқылы көтеру жоспарлануда.

Қызмет көрсетілетін контингенттің ерекшелігін ескере отырып (жалғыз басты қарттар, мүгедек адамдар, оның ішінде ересектер мен психоневрологиялық аурулары бар, тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар), әлеуметтік қызметкерлерден жоғары психоэмоционалдық дайындық, күтім және үздіксіз бақылау, оңалту рәсімдерін жүргізу талап етіледі.

«Бұл жыл барлығына қиын болды. Біздің әлеуметтік қызметкерлер мекемелерде іс жүзінде тұрып, ерекше контингентпен жұмыс істеді. Біз олардың еңбегін бағалаймыз және олардың маңыздылығын түсінеміз. Бұл шара әлеуметтік салаға мамандарды тартуға, қызметкерлердің тапшылығын азайтуға және кадрлық жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз», – дейді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Тегтер: жалақықызметкерминистрлік
Реклама на Aikyn.kz

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«Жауһар жәдігер» көрмесінің ашылу салтанаты өтті

Доллар тағы 6 теңгеге арзандады

Ота жасатқан Арыстанбек Мұхамедиұлының жағдайы белгілі болды

1-сыныптан бастап жаңа пән енгізіледі – Ералы Тоғжанов

"Басы бір бөлек, денесі бір бөлек жатты": куәгер бес жасар баланың мәйітін қоқыстан қалай тапқанын айтты

Демалыс күндері елімізде 2 градус үсік жүреді

Құлсарының экс-әкімінің есірткі тасып жүрген видеосы тарады: полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
Реклама на Aikyn.kz
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru

Liter.kz - новости Казахстана

Яндекс.Метрика
  • AMANAT
  • Жазылу
  • Байланыс
  • Редакция
  • Жарнама

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • AMANAT

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»