Жексенбі күні, 13 желтоқсанда қоғамдық көліктің жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі, - деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
"Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді", - деп хабарлады CTS. ⠀Дүйсенбі, 14 желтоқсаннан бастап қоғамдық көліктер қалыпты кестесіне сәйкес қатынайды. ⠀ Сонымен қатар компания қала тұрғындарына санитарлық нормаларды сақтауды және автобустарға бетпердесіз кірмеу керегін ескертеді. ⠀ Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді.