Затаевичтің құнды жәдігерлерінің тұсаукесері болды
Затаевичтің құнды жәдігерлерінің тұсаукесері болды

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақ Ұлттық өнер университетінде белгілі этнограф, қазақстандық музыкатану және композиторлық мектептің негізін қалаушылардың бірі Александр Викторович Затаевичтің 150 жылдығын мерекелеу аясында «А. В. Затаевич. Хаттар. Қолжазбалар. Фотосуреттер», «А. В. Затаевич. Халық әндері мен күйлері» атты бұрын жарыққа шықпаған туындыларының тұсаукесерін өткізді.

Затаевичтің есімі мен артында қалған мұрасын қазақ халқының ән және аспаптық дәстүрін қадірлеуші қауым ізет тұтады, ол халқымыздың бай мұрасын және өзіндік ерекшелігін алғашқылардың бірі болып бағалай білді және барынша сақтауға күш-жігерін жұмсады. Музыкант-тарихшылар үшін оның еңбектері кеңес билігінің алғашқы онжылдықтарының қиындығы мол, дегенмен маңызы зор кезеңінің жалғыз жанды куәсі болып табылады. Ол өзінің әндер мен күйлерді өңдеулерімен композиторларға дала дәстүрі негізінде академиялық музыканың туындауына және дамуына жол көрсетті.

Александр Затаевичтің 150 жылдығы аясында бұдан бұрын жарияланбаған қолжазбаларының тұсаукесеріне арналған баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері жөніндегі департаменті директорының орынбасары Ғани Мұратов: «Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен биыл Александр Затаевичтің 150 жылдық мерейтойына орай Ресейдегі ұлттық музыка мұражайының мұрағатында зерттеу жүргізілді. Бұл мұражайда мәтіндік және фотоқұжаттар қоры, сондай-ақ ұлы музыка зерттеушісінің нота жазбалары сақталған. Бұл – қазақ музыкасы үшін телегей табыс. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларының да көздегені – руханиятымыздың осындай асыл қазыналарын түгендеу болатын, сол мақсат іске асып, міне, бүгін тамаша қолжазбалар көрермендерге жол тартты», – деп атап өтті.

Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы, аталған қолжазбаларды зерттеушілердің, құрастырушыларының бірі Валерия Ефимовна Недлинаның айтуынша мерейтойлық салтанатты іс-шаралар аясында Қазақстан мен Ресей мұрағаттарында қауырт жұмыстар жүргізілді. Оның аралық нәтижесі – халық музыкасының бұдан бұрын жарияланбаған ноталарының жинағы – бүгін жұртшылыққа көрсетілді. Бұл тек аз ғана бөлшегі. Бұл жұмыстар 1920-1930 жылдардағы мәдениеттегі ахуал туралы қаншалықты аз білетінімізді көрсетті. Бұл аса зор құндылық енді музыкатанушылар мен жалпы жұртшылыққа зор септігін тигізеді.

 Мұрағаттық зерделеу мен зерттеушілер қорытындысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласымен үндес болып отыр. Кең ауқымды зерттеулер, замануи тұрғыдан бағалау, ежелгі және өткендегі рухани байлықты сақтау және біздің мәдениетімізге қайта келтіру қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.

Тұсаукесерге арналған баспасөз конференциясына қатысқан Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаев, өнертану ғылымдарының докторы, профессор Жұмабекова Дана Жүнісбекқызы, өнертану ғылымдарының докторы, профессор Елеманова Саида Абдрахимқызы қатысты.

Затаевичтің қазақ музыка мәдениетін сақтауға және насихаттауға қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес. Көптеген онжылдықтар өтсе де біздің музыкалық-поэтикалық дәстүрге ғасырлар қойнауынан қандай рухани байлықтардың жеткенін және оларды сақтау мен көбейту қаншалықты маңызды екенін ескерте отырып, біздің ғылым мен өнерге әсер етуін жалғастыруда.