Ер адам ит жалағаннан кейін қайтыс болды
Ер адам ит жалағаннан кейін қайтыс болды

Германияның 63 жасар тұрғыны ит жалаған соң бақилық болып кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша иттің сілекейінің құрамында залалды бактериялар болған.

Дәрігерлерге қаралуға келген ер азамат бастапқыда өзінің дертін тымау деп ойлаған. Себебі оның қызуы көтеріліп, дем алысы ауырлаған. Алайда бірер күн өткен соң одан сепсис байқалған. Сол себепті науқас өзін жайсыз сезінген. Мұндай ауру көп жағдайда иттің тістеп алуынан немесе итпен байланысқан басқадай жағдайда жұғуы мүмкін.

Марқұмның туыстарының хабарлауынша оны өз иті жалаған көрінеді. Инфекция тез таралғаны соншалық төрт күннің ішінде оның бүкіл ағзасы жарамсыз болып қалған.