Ержан Максим өзіне дауыс беруге шақырды

Ержан Максим өзіне дауыс беруге шақырды

Польшаның Гливице қаласында өтетін «Junior Eurovision-2019» ән байқауында Қазақстан атынан шығатын Ержан Максим өзіне дауыс беруге шақырды.

«Дауыс беру басталды. Достар, жексенбі, 24 қараша күні, сағат 21:00-ге дейін, яғни концерт басталғанша online дауыс беру жалғасады. Ал қатысушылар өнер көрсетіп болғаннан кейін 15 минутқа қайта ашылады. Менің реттік нөмірім - 10! Дәл қазір БИО-дағы сілтемеге өтіп, дауыс бере аласыздар», – деп жазды ол Instagram-парақшада.

Сондай-ақ, Ержан «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында өзіне сенімді екенін айтқан.

«Басты дайындықтар жақсы өтіп жатыр. Қобалжу жоқ. Шынымды айтсам, өзіме сенімдімін. Құрметті көрермендерім, қазақстандықтар, мен үшін дауыс беріңіздер. Дауыс беру junioreurovision.tv сайтында жүріп жатыр. Қарсыластарға келсек, Украина, Аустралиядан келген қатысушылардың дауыстары жақсы. Жалпы, барлық үміткерлер мықты», – деді әнші. 

https://youtu.be/yqzeEbPrr9c

Ержан күніне 5-6 сағат уақытын дайындалуға арнайтынын айтты. Айта кетейік, «Хабар» агенттігі 24 қараша күні сағат 21.00-де басталатын байқауды тікелей эфирден көрсетеді.