Көктайғақ, бұрқасын болады
Көктайғақ, бұрқасын болады

«Қазгидромет» РМК 24 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Жексенбіде атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде қар жауады, оңтүстікте қар жауады, тек еліміздің батыс бөлігі антициклон жотасы ықпалында болады, сондықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жалаңашкөл аумағындағы желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы ықтимал, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, күндіз кей жерлерде жел тұрады, жылдамдығы –15-20 м/с.

Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Жамбыл облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын болады. Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұқасын күтіледі.

Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.