Қостанайдағы сәби өлімі – дәрігерлер комментарий берді
Қостанайдағы сәби өлімі – дәрігерлер комментарий берді
5,125
оқылды

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі қоқыс жәшігінен табылған сәбидің өліміне қатысты түсініктеме берді. Оқиға 23 қарашада Қостанайдың «Аэропорт» шағын ауданында болды,– деп хабарлайды alau.kz.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қоңырау сағат 10.48-де түсіп, сағат 10.55-те жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жетті. Жаңа туған шақалақ (ұл бала) қоқыс контейнерінде басына сөмке оралған күйінде жатқан. Нәресте клиникалық өлім жағдайында болды. Дәрігерлер реанимация шараларын жасауға тырысты, бірақ бұл әрекет нәтиже бермеген. Шақалақтың денесі мәйітханаға жеткізілді.