Елордада жол апатынан үш адам көз жұмды
Елордада жол апатынан үш адам көз жұмды

Нұр-Сұлтан қаласында жол-көлік оқиғасынан үш адам қайтыс болды, - деп хабарлайды қалалық ПД баспасөз қызметі.

Жол апаты 24 қарашада сағат 06.45-те Қабанбай батыр даңғылында болған. «Алдын ала мәліметтер бойынша, «ВАЗ-21099» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылымен Мәңгілік ел даңғылы бағытында келе жатқан жолға шығып кетіп, «Toyota Camry» көлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде 19 жастағы «ВАЗ» жүргізушісі мен екі жолаушысы (1997 және 1983 ж.т.) оқиға орнында қайтыс болды», – деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР ҚК 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.