Ситер отбасындағы қуаныш

Ситер отбасындағы қуаныш

Елордада жер үйлердің бірінен шыққан өрттен бір отбасының 5 бүлдіршіні қаза тапқан болатын. Қайғылы оқиға қыздардың ата-анасымен бірге дүйім жұрттың да қабырғасын қайыстырған еді. «Арада бір жыл өткеннен кейін Евгений мен Жанымгүл балалы болды», – деп хабарлайды    Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл қуанышты хабарды журналист Ерқанат Көпжасар Instagram парақшасында жариялады. «Қуанышты хабар! 5 жұлдызы сөнген Ситер отбасы Евгений мен Жанымгүл балалы болыпты. Жаратқан бір ауыртпалықтың артынан екі жақсылық жібереді», – деп жазды журналист. Желі қолданушылары Ситер отбасын сәбилі болуымен құттықтап, ақ тілегін жаудырып жатыр.