Шымкент – Сарыағаш тас жолындағы апат: 15 адам зардап шекті
Шымкент – Сарыағаш тас жолындағы апат: 15 адам зардап шекті
5,151
оқылды

Түркістан облысындағы тас жолда төрт көлік соқтығысты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жол апаты туралы видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Жазбада апаттан кейін көліктердің бірінің қалай өртенгені көрсетілген.

https://youtu.be/sbrJrxo1tUw

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Түркістан облысының Қазығұрт ауданында тас жолда бір бағытта келе жатқан төрт көлік соқтығысқан. Апат салдарынан көліктердің бірі өртенген. «Оқиға орнында Түркістан облысының отрядының жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда. Өз кезегінде, Түркістан облысының полициясы жүргізушілерге жол ережесін сақтап, ауа райының нашарлығында сақ болуды ескертеді», – деп хабарлады полиция. Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасынан жедел жәрдем станциясына түскен соңғы мәліметтерге сәйкес, төрт көліктің соқтығысуынан 15 адам зардап шекті. «14 адам Қазығұрт аудандық ауруханасына жеткізілді. Жеті адам реанимацияға жатқызылды, үшеуі травматологияда, төртеуі үйге қайтарылды, олардың жағдайы амбулаториялық негізде бақыланады», – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.