Экс-әкімге үкім шықты
Экс-әкімге үкім шықты
90
оқылды

10 желтоқсанда Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен Қызылорда облысының бұрынғы әкімінің қылмысы расталып, 7 жылға сотталды. Оған жазасын орташа қауіпсіз колонияда өтеп,  өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырды.

Сондай-ақ оның орынбасар­лары М.Имандосов пен М.Дел­мұханов  6 жылға, облыстың бұ­рын­ғы әкімінің туысы А. Досмаи­лов пен облыстың бұрынғы әкімі­нің сенімді тұлғасы Ж. Ысқақов  5 жылға бас бостандығынан айырыл­ды. Қызылорда облысының мемле­кеттік қызметшілерінің біркүндік жалақысын аудару есебінен жинал­ған және Арыс қаласында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүр­­гізуге арналған «Сыр Мейірімі» қо­рының ақшалай қаражатын жым­қырды деген айып тағылған еді. Экс-әкім енді мемлекеттік қыз­метте, судья қызметін, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, Ұлттық банкте және оның ведом­стволарында, мемлекеттік ұйым­дарда және қаржылық капиталында мемлекет үлесі 50 пайыздан асатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып саналатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компания­ларда, ұлттық даму институт­тарында, дауыс беретін акция­ларының қатысу үлестерінің 50 пайыздан астамы өздеріне тиесілі олардың еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акция­ларының қатысу үлесінің 50 па­йыздан астамы аталған еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда айналысу құқығынан өмір бойына айырылды. Жоғарыда аталған 5 сотталушы­дан басқа 4 кәсіпкер мен Қызыл­орда облысы Құрылыс басқармасы­ның бұрынғы басшысы қылмыстық іске тартылды. Өз істеріне өкі­нетіндіктен, оларға байланысты қыл­мыстық қудалау тоқтатылды.

Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы