ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, күдікті қаладағы шағын аудандардың бірінде пәтер жалдаған. Сонымен қатар марихуана тасымалдау үшін автокөлікті де жалға алған.
«Полиция қызметкерлері оның схемасын ашып, жалға берілетін пәтердің мекенжайын, аз мөлшерде есірткі сатып алушылардың кім екенін анықтады. Жалға алынған пәтерді тінту кезінде марихуана салынған үш қорап тәркіленді», - дейді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы – 54 келі. Оның қара нарықтағы құны – 15 миллион теңге. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ер адам 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.