Югославияның бұрынғы басшысының кемесі мұражайға айналды
Югославияның бұрынғы басшысының кемесі мұражайға айналды
181
оқылды

Югославияның бұрынғы басшысы Иосип Броз Титоның кемесі мұражайға айналдырылатын болды.

Көрікті орын Хорватиядағы Риеки қаласында ашылмақ. Қазір шағын кеме жөнделіп, жаңартылып жатыр. Кеме 1938 жылы Италияда банан тасымалдау үшін жасалған. Кейін Югославия мен Германияның теңіз қарулы күштері пайдаланған.

Титоның өзі онда көп уақытын өткізіп, жоғары лауазымды тұлғалар мен шетелдік қонақтарды қарсы алған. Бірақ 1990 жылдары Югославия тараған соң кеме пайдаланылмай, бос қалған екен.