«7 баласы бар көпбалалы отбасы тегін баспанамен қамтамасыз етілуі тиіс» – ADAL партиясы
«7 баласы бар көпбалалы отбасы тегін баспанамен қамтамасыз етілуі тиіс» – ADAL партиясы
 2020 жылдың 11 желтоқсанында Талдықорған қаласында  ADAL  партиясының үгіт-насихат кезеңі аясында алғашқы баспасөз конференциясы және жергілікті тұрғындармен алғашқы кездесуі өтті. Онда ADAL партиясынан  Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттар сөз сөйледі. Спикерлер:  Ардақ Назаров  – белгілі спортшы, қоғам қайраткері; Дәулет Мұқаев – тележурналист, қоғам қайраткері; Мақсат Толықбай –   белгілі тележурналист, "Ашық алаң" тележобасының жүргізушісі, Maltabu.kz сайтының авторы; Лаззат Шыңғысбаева  – "Менің Атамекенім" әлеуметтік қорының төрайымы, қоғам қайраткері; Алмасбек Садырбаев  – "Шопан Ата" Қазақстан қой өсірушілер Ұлттық Ассоциациясының төрағасы.  Баспасөз конференциясында депутаттыққа кандидаттар журналистерді партияның бағдарламасымен, үгіт-насихат кезеңіндегі бастамалары мен жоспарларымен таныстырды. Конференция барысында Мақсат Толықбай  ADAL партиясының цифрлық порталы туралы айтып берді. Ол сайттың көмегімен сайлаушылар партияға кіріп қана қоймай, өз аймағындағы мәселелері туралы да айта алатынын еске салды. Сондай-ақ депутаттыққа кандидат әрбір пайдаланушы сайтқа кіріп, партия жұмысының негізгі бағыттарымен танысып, өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелер туралы біліп, елдің дамуына өз үлесін қоса алатынын айтты.  width= ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына тағы бір кандидат Дәулет Мұқаев Қазақстандағы тұрғын үй мәселесінің өзектілігін еске салды. Ол 7 баласы бар әрбір көпбалалы отбасы тегін баспанамен қамтамасыз етілуге тиіс екенін айтты.  width=    Бұдан әрі депутаттыққа кандидаттар Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесуге барып, азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелерді, атап айтқанда, ауыл тұрғындарының көші-қон мәселесін тыңдады. Әңгіме барысында Алмасбек Садырбаев бұл мәселені шешетінін, атап айтқанда ауылдарды дамытып, жастар үшін тартымды жағдай жасайтынын айтты. Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 11 қаңтарында кезекті Парламенттік сайлау өтеді. Қараша айында «ADAL» партиясы сайлауалды бағдарламасының жобасын таныстырды. Құжат 5 негізгі бағыттан тұрады:
  • Халықтың өмір сапасын көтеру;
  • Кәсіпкерлік – дамыған мемлекеттің іргетасы;
  • Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беру;
  • Өңірлердің өркендеуі – қуатты мемлекет діңгегі;
  • Өмірге қолайлы мемлекет.