Бірнеше өңірде ескерту жарияланды-24.11.2019
Бірнеше өңірде ескерту жарияланды-24.11.2019
130
оқылды
Боранға байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды, - деп хабарлайды «Қазгидромет». Синоптиктердің мәліметінше, 25 қарашада Ақмола облысының кей жерлерінде қар жауады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Сондай-ақ, ертең түнде Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Синоптиктер сонымен қатар Түркістан облысының тұрғындарына алдағы күндері Түркістан облысында тұман, көктайғақ болып, солтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады деп ескертеді. «Қазгидрометтің» мәліметінше, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады. Желдің күшеюі, бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіліп отыр.