Қазақстан Халық партиясы мен «Жеңіс» командасы футболдан жолдастық кездесу өткізді
Қазақстан Халық партиясы мен «Жеңіс» командасы футболдан жолдастық кездесу өткізді
203
оқылды
Қарағанды қаласының GGG денешынықтыру-сауықтыру кешенінде «ҚХП» және «Жеңіс» командалары арасында шағын футболдан жолдастық кездесу өтті. Футбол матчы тең есеппен аяқталды. Нәтижесінде  достық жеңді. «ҚХП» командасының атынан Қазақстан Халық партиясы Қарағанды облыстық комитетінің жастар қанаты қатысты. Бұл «ҚХП»-ның алғашқы турнирі емес, футбол алаңындағы белсенділігін төрт жылдан бері көрсетіп келеді. Оларға қарсылас болған «Жеңіс» командасы – қарағандылықтардың әуесқой командасы. Әр құрама 5 ойыншыдан құралды.  width= Жолдастық кездесу – Қазақстан Халық партиясы жүргізіп отырған сайлауалды науқанның үгіт-насихат жұмысының бір бөлігі. Шара шеңберінде сайлаушыларға партияның сайлауалды жобасы таныстырылды. Қазақстан Халық партиясы Қарағанды облыстық комитетінің бірінші хатшысы Александр Зевахин қатысушылар мен жанкүйерлерге сәттілік тіледі. "Біз салауатты өмір салтын, белсенді және спортшы жастарды қолдаймыз! Командалық ойында өз күштерін сынап көргісі келетіндерді қатысуға шақырамыз", – дейді ол.
«Мен футболды жақсы көремін және денсаулығым мықты болғанын қалаймын. Сондықтан бос уақытымда футбол залына барып ойын ойнаймын. Толқу, қозғалыс, бірлік және командалық рух керемет көңіл күй сыйлайды. Сонымен қатар біз бір-бірімізді жақсы түсінеміз, қарым-қатынасымыз да тамаша, ортақ қызығушылығымыз бар, ол – спорт» – дейді  «ҚХП» командасының ойыншысы Роман Осокин.  width=