Анжделина Джолидің «зомби нұсқасын» жасаған қыз 10 жылға сотталып кетті
Анжделина Джолидің «зомби нұсқасын» жасаған қыз 10 жылға сотталып кетті
111
оқылды

Журналист Масих Алинеджад Twitter-де видео үндеу жариялады. Ол ирандық Instagram жұлдызы Фатима Хишванд (белгілі Сахар Табар) 10 жылға түрмеге жабылды деп мәлімдеді.

«19 жастағы қыздың 10 жылға сотталғанын білдім. Оның қылмысы – фотошоп арқылы өзін Анджелина Джолидің зомби-нұсқасына айналдырғаны. Ол небәрі 19-да, ол жас, Instagram-да әзілдегісі келген. Анасы күн сайын жылайды, қызы кінәсіз. Біз оларға көмектесе алмаймыз. Сіз, Анджелина Джоли, бізге көмектесе аласыз, көпшілік алдында мәлімдеме жасай аласыз”, – деді Алинеджад. Фатима Хишванд 2019 жылдың 5 қазанында Instagram-да танылған үш әйелмен бірге қамауға алынған. Алинеджад қыздың адвокатымен сөйлескен. Ол қыздың “қоғамда сыбайлас жемқорлықты насихаттады” деген айыппен 10 жылға сотталғанын айтты. Себебі, Хишвандқа күпірлік жасап, зорлық-зомбылыққа шақырды, жол берілмейтін әдіспен табыс тапты және жастар арасында сыбайластықты насихаттады деп айыпталды. 2017 жылы танымал болған Фатима Хишванд БАҚ-та Анджелина Джоли сияқты болу үшін 50 операция жасаған қыз ретінде белгілі. Кейіннен бойжеткен РИА Новостиге ота жасатпағанын, бірақ фотосуреттерді өңдегенін айтты. Сонымен қатар, ол Джолимен емес, мультфильмінің кейіпкеріне ұқсағысы келгенін жеткізді.