Junior Eurovision — 2019: Ержан Максим арманына жетті (видео)

Junior Eurovision — 2019: Ержан Максим арманына жетті (видео)

Қазақстандық 12 жастағы әнші Ержан Максим Польшаның Гливице қаласында өткен Junior Eurovision 2019 байқауында екінші орын алды.

Ол байқауда «Арманнан қалма!» әнін орындады. 


Фото: "Хабар" телеарнасы

Ереже бойынша, жеңімпазды телекөрерменнің дауыс беру нәтижесі мен әділқазылар алқасы анықтады. Ержан 227 ұпай жинады. Бірінші орынды поляк орындаушысы Виктория Габор алды — 278 ұпай. Үшінші орынды испания әнші иеленді.