Түркістан облысында жоғалған екі бала табылды
Түркістан облысында жоғалған екі бала табылды

2020 жылғы 11 желтоқсан күні сағат 21.38-де Арыс қаласының өрт сөндіру бөлімінің 101 байланыс телефонына Қожатоғай ауылдық округінің Қарағайлы елді мекенінде 2 бала жоғалып кеткені туралы хабарлама түсті. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Қала әкімінің басшылығымен шұғыл топ құрылып, іздестіру жұмыстары жүргізілді. Іздестіру жұмысына Түркістан облысы ТЖ және полиция департаменттерінің қызметкерлері мен волонтерлер жұмылдырылды. Жалпы саны 114 адам және 69 бірлік техника. Нәтижесінде 2020 жылдың 12 желтоқсанында сағат 11.00 шамасында екі бала табылып, ата-анасына табысталды. Балалардың жағдайы қанағаттанарлық.

Тұмар МЫРЗА