Бішкекте Абай Құнанбайұлы атындағы мәдени орталық ашылды
Бішкекте Абай Құнанбайұлы атындағы мәдени орталық ашылды
201
оқылды
Мәдени орталық Алықұл Осмонов атындағы Ұлттық кітапханада орналасқан. Абай Құнанбайұлы атындағы мәдени орталық 420 шаршы метр ауданды алып жатыр. Бұл – Қырғызстан Ұлттық кітапханасының екінші қабатының басым бөлігі. Сөрелерде еліміздің тарихы мен мәдениетімен таныстыратын кітаптар, қазақ ақындары мен жазушыларының шығармалары тұр. Абайдың өлеңдері мен поэмалары бірнеше тілде ұсынылған. Арасында қырғыз тіліне аударылған туындылары бар. Осының арқасында жергілікті оқырмандар кемеңгер ақынымыздың шығармашылығын терең сіңіре алады. – Бұл мәдени, гуманитарлық жобаның басты мақсаты – елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты ұлғайту, өзара түсіністігімізді одан әрі тереңдету болып отыр. Сондықтан бұл орталықтың еліміз арасында қарым-қатынастарымызды дамытудағы маңызы зор. Түпкі тамырымыз бір жерден шыққанын түсіну үшін. Абай атындағы орталық бірнеше жұмыс аймағына бөлінген. Ең бастысы – оқу залы. Мұнда оқырмандар Абайдың шығрмашылығымен қатар, өзге де қазақ қаламгерлердің туындыларымен таныса алады. Тағы бір бөлігінде конференц-зал орналасқан. Онда қазақ және қырғыз сарапшылары мен қоғам қайраткерлері түрлі конференциялар, форумдар мен семинарлар өткізеді, - дейді  Қырғызстан мәдениет және ақпарат министрі Нұржігіт Қадырбеков.