Түркістан облысы: 15 адам зардап шеккен жол апатының себебі анықталды (видео)
Түркістан облысы: 15 адам зардап шеккен жол апатының себебі анықталды (видео)
136
оқылды

Түркістан облысындағы ірі жол-көлік оқиғасының негізгі себебі айтылды.

 «Қазавтожолдың» мәлімдеуінше, басты себеп, жоғары жылдамдықпен келе жатқан Hyundai Accent автокөлігінің тежегіші істен шыққан. 

Ұлттық компания баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай: «Алдын ала мәліметтер бойынша, 24 қарашада таңғы сағат 11:00 шамасында Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі Сарыағаш–Шымкент бағыты бойынша келе жатқан. Аяқасты көліктің тежегіші істен шыққан. Нәтижесінде екі Daewoo Nexia автокөлігімен соқтығысқан. Осылайша, Hyundai Accent түтіндеп, жана бастаған. Осы бағытта келе жатқан төртінші көлік жүргізушісі басқалармен апатқа түспеу үшін жол ортасындағы тосқауылға келіп соғысқан», – деп хабарлады.

Бұған дейін Сарыағаш–Шымкент күре жолының бойында ірі көлік апаты болғанын хабарлаған болатынбыз.