Қытайда сайыстың жаңа түрі пайда болды
Қытайда сайыстың жаңа түрі пайда болды
122
оқылды

Тіпті, бұл елде көгершіндердің арнайы қауымдастығы да бар. Оған 400 мыңдай адам мүше.

Хэбэй провинциясында өткен жарыста 8 мың кептер бақ сынаған. Бас жүлдеге 5 мың юань тігілген, яғни 320 мың теңгеден асады. Бұл құсты өсіру үлкен шығынды да қажет етеді. Мысалы, бір тұрғын 500 көгершінге жылына 30 мың доллар жұмсайтынын айтады. Негізі көгершінді асырау Бельгиядан бастау алады. Бір Қытай азаматы кептерін еуропалық елдегі аукционда кептерін 2 млн долларға бағалаған. Әдетте, жарыста топ жарған көгершіннің құны жоғары. Жақында Бейжіңдегі бәссаудада қанатты чемпион 750 мың долларға сатылған болатын.