БҚО-да ішімдік ішкендердің отырысы адам өлімімен аяқталды
БҚО-да ішімдік ішкендердің отырысы адам өлімімен аяқталды

БҚО Полиция департаментінің Instagram парақшасында қайғылы жағдай Теректі ауданында 8 желтоқсанда болған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, 32 және 44 жастағы екі ер адам ішімдік ішкен. Отырыс барысында ер адамдардың арасында жанжал туындап, 34 жастағы азамат екіншісіне бірнеше рет пышақ салған. 44 жастағы ер адам ішінен, арқасы мен кеудесінен жарақат алыпты. Ол дәрігерлер келгенше қайтыс болып кеткен. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдікті қолға түскен. Полиция "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.