Палаудан келе жатқан 14 мың қойдың көбі Қара теңізге батып кетті
Палаудан келе жатқан 14 мың қойдың көбі Қара теңізге батып кетті
130
оқылды

«ВВС-ге» сілтеме жасаған «ҚазАқпараттың» жазуынша, Румынияда 14 мың қой тиелген жүк кемесі аударылып қалған.

Полицейлер, өрт сөндірушілер мен әскери-теңіз флоты қойларды аман алып қалуға тырысқан. 

кой.jpg

Фото: "ВВС"

Жексенбі таңертең Тынық мұхитындағы аралда орналасқан Палау Республикасының Queen Hind жүк кемесі румындық Мидия портынан шыққаннан соң Қара теңіз жағалауында аударылып кеткен. Кемеде 22 экипаж мүшесі – Сербия азаматтары болған. Олардың бәрі аман-есен құтқарылды. Бірақ құтқарушылардың айтуынша, қойлардың көбі суға батып кеткен. Қой тиелген жүк кемесінің неліктен аударылғаны әзірге белгісіз.