Партияның мақсаты айқын
Партияның мақсаты айқын
143
оқылды
Биылғы сайлаудың ерекшелігі – бұрын-соңды қолданыста болмаған саяси терминдердің қалыптасуы. Мәселен, сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясы «канвассинг» ұғымын негізге алмақ. Канвассинг – бұл партия жақтастарын жекелеп тарту немесе «Үміткер – қонақта» деген ұғымды білдіреді. Осы мақсатта 12 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жадыра Тілеубаева аудан тұрғыны, еңбек ардагері Тұрақбай Дүйсеновтың шаңырағына арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихат жұмыстары барысында үміткер Жадыра Жұмабайқызы отбасыға сайлаудың маңызын түсіндіре отырып, өзінің сайлауалды бағдарламасы төңірегінде атқарылатын жұмыстарды да атап өтті. Сонымен қатар отбасы мүшелерін сайлау науқанына белсене атсалысуға шақырды.  width= Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының партия тарапынан қолға алынып жатқаны Тұрақбай ағаның отбасының да көңіліне қонып, партия өкілдері мен үміткерлерге өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Асылбек НӘСІПҚАЛИ

Тапсырыс беруші: Бекмулдин Ерболат Мұратқалиұлы.

"Nur Otan" партиясының Батыс Қазақстан облысы

Қазталов ордасы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.