24.kz-тің жазуынша, Алматыда үйді қолма-қол ақшаға сатып алатындар күрт азайған.
Халық санының көбеюіне байланысты Алматы қаласында баспана сұраныс жоғары. Әсіресе, жаңадан салынған үйлерді сатып алады. Тұрғын үй нарығын саралаушы агенттіктердің мәліметінше, Алматыдағы жаңа үйлердің 1 шаршы метрінің орташа құны — 380 мың теңге. Алматыда үй қымбат. Түрксіб пен Алатау аудандарында ескі үйдің 1 шаршы метр 200 мың теңгеден жоғары. Ал орталықтағы Медеу мен Бостандық аудандарында дәл сонда ескі пәтерлердің шаршы метрі екі есе жоғары. Үй қымбат болғандықтан сатып алушылар негізінен ипотекаға жүгінуге мәжбүр. Риэлтор Анар Медеу: «Үйді қолма-қол ақшаға сатып алушылар саны аз. Олар негізінен несие рәсімдейді немесе ипотекалық бағдарлама көмегіне жүгінеді», — деді.
Телеарнаның мәліметінше, 2019 жылдың 10 айында қалада 11 292 пәтер пайдалануға берілді. Мемлекетік бюджет қаражаты есебінен 18 мыңға жуық шаршы метр үй салынды. Жалпы Алматы қаласы республика бойынша тұрғын үй салу қарқыны бойынша көш басында келеді. Қазірдің өзінде қалада 112 жаңа тұрғын үй кешені салынған. Жаңа жылдың басында үй бағасы тағы өсуі де мүмкін.