Ресейлік нөмірлі көліктер Қазақстанда уақытша тіркелмейді

Ресейлік нөмірлі көліктер Қазақстанда уақытша тіркелмейді

Тәртіп сақшыларының сөзінше, армениялық көліктерді уақытша тіркеу Үкіметтің арнайы қаулысында жазылған. Бірақ мұны Ресейден келген машиналарға қолдану мүмкіндігі жоқ, – деп хабарлайды  kolesa.kz Бірдей көліктер мен көрші елде есептен шығарылып, Қазақстан жолдарында шетелдік нөмірмен жүйткіп жүрген машиналарды анықтау үшін полицейлер бейнекамералар мен басқа да құралдарды қолданады.

Бұл үшін Қазақстан мен Ресей ІІМ базаларын біріктіру жоспарда жоқ. Бірақ 2021 жылы Ішкі істер министрлігінің ақпараттық базасы көлік құралдарының электронды құжаты жүйесімен бірігеді деген болжам бар. Бұл ЕЭО құрамындағы басқа елдерде тіркелген автокөліктер туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, елге сенімхат арқылы кіргізілген машиналар Қазақстанда бір жыл еркін жүре алады, мерзім аяқталған соң 30 күн ішінде шетелдік көлікті елден шығару керек немесе  Қазақстанда тіркеу қажет.