Аймағамбетов: Нашар оқитын студенттерді қабылдай беретін оқу орындары жабылады
Аймағамбетов: Нашар оқитын студенттерді қабылдай беретін оқу орындары жабылады

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім сапасы талапқа сай емес жоғары оқу орындарының жұмысы жайында айтты.

Министр Facebook-тегі парақшасында: «Бүгінгі таңда бағалау жүйесінің тізбесіне енген 13 университет тексерілді. Олардың 5-уінде бұған дейінгі ескертулер жойылмаған. Сондықтан 5 университеттің лицензиясы бір айға тоқтатылды. Сондай-ақ, 12 жоғары оқу орнына айыппұл салынып, 1 университет бойынша іс сотқа жіберілді. Жыл соңына дейін тағы 12 ЖОО-ны бұрын берілген нұсқамалардың орындалуы бойынша тексеруді жоспарлап отырмыз. Заң бұзушылықтар қайта анықталған жағдайда, лицензиядан айыру және ЖОО жабу үшін құжаттар сотқа жіберіледі», — деп жазды.

Оның айтуынша, педагогтарды даярлайтын оқу орындарының жұмысы қатаң қадағаланады. Себебі, сабақ үлгерімі нашар, оқудан шығап қалған студенттерді қабылдай беретін жекеменшік оқу орындары көбейген.

Бұған дейін «Айқын» газетінде «Университет қаптаған, қайда маман мақтаған?» деп жазған болатынбыз.