Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 желтоқсан күні сағат 07:55-те Төтенше жағдайлар департаментінің күштерi мен құралдары Әуезов ауданы Яссауи көшесiндегі спорт кешенінен шыққан өртті сөндіруге шықты. Өрт сөндipушiлер келгенде бip қабатты «Медина» спорт кешенiнің ангар типті спорт залы жанып жатқан. Өрттің жақын орналасқан әкiмшiлiк ғимаратқа таралу қаупi туындап тұрды. Өрт сөндірушілер тиісті шараларды жедел қолға алды. «Оқиға орнында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы мен жеке құрамынан 70-тен астам адам, 19 техника және өзара әрекет ету қызметтерi жұмылдырылды. Қазipгi уақытта өрттiң таралу қаупi жоқ. 1000 шаршы метр аумақты қамтыған өрт сағат 08:43-те оқшауланып, сағат 08:53-те толықтай сөндірілді» делінген хабарламада.