Қазақстандық модельдің суреттері MAXIM журналында жарияланды
Қазақстандық модельдің суреттері MAXIM журналында жарияланды
327
оқылды

Қазақстандық модель және актриса Зарина Еваның суреттері Бельгия мен Францияда танымал MAXIM журналында жарияланды.

[caption id="attachment_94747" align="alignnone" width="1024"]модель ©Сурет интернеттен алынды[/caption] Зарина қазіргі уақытта Нью-Йорк киноакадемиясында киноактриса мамандығында оқиды және модель болып жұмыс істейді. Ол Нью-Йорктегі сән апталығына қатысқан. Қазақстанда ол сән апталарында үздік модель атағын жеңіп алған. Сеулде өткен халықаралық World Beauty Queen сұлулық байқауында оған "Бірінші вице-мисс" атағы берілген. [caption id="attachment_94748" align="alignnone" width="1024"]модель ©Сурет интернеттен алынды[/caption] "MAXIM журналына шығып, танымал фотографтармен жұмыс істеу - үлкен мәртебе. Қазір New York Film Academy-де оқимын, оқуға уақытымның 80 пайызы кетеді, бірақ фотосессияға әрдайым уақыт табуға тырысамын. Өз жұмысымды, кино әлемі мен сән индустриясын жақсы көремін. Сондықтан адам өз бойындағы мейірімділік пен сүйіспеншілік шуағын сақтау маңызды", - деді Зарина.

Бойжеткен бүгінде режиссер Ермек Шынарбаевтың "Уроки казахского", Ақан Сатаевтың "Томирис", "Бизнесмендер", Рүстем Абрашевтің "Қазақ хандығы. Алтын тақ" сияқты отандық фильмдеріне түскен. Сонымен қатар, ол Михаил Расходников пен Иван Охлобыстиннің "Временнные трудности" және Джаник Файзиевтің "Галактика қақпашысы" секілді мәскеулік жобаларында ойнаған.