Қазақстанда 14 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
Қазақстанда 14 мыңнан астам адам коронавирустан емделіп жатыр
5,096
оқылды
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram желісінде хабарлады. Мәліметтерге сәйкес, осы уақытта еліміздің стационарларында 4 057 науқас жатыр, 10 003 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 234 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 29 науқастың денсаулық жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 44 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.