Мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады
Мереке күндері қосымша пойыздар жолға шығады
110
оқылды

«Жолаушылар тасымалының» мәліметінше, желтоқсан айындағы мереке күндері 4 бағыт бойынша қосымша пойыздар жолға шығады.

Қосымша пойыздар Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл мерекесі күндері жүреді.

«Алматы-2 – Шымкент» бағыты бойынша 12 рейс «Алматы-2»-ден 28 қараша күні, желтоқсан айының 2, 5, 9, 12, 16, 19, 23, 26, 30 жұлдыздары және 2020 жылдың 2, 6 қаңтар күндері шықса, сәйкесінше, Шымкент қаласынан 29 қараша, 3, 6, 10, 13, 17, 20, 24, 27, 31 желтоқсан және 3, 7 қаңтар күндері кері бағытта аттанады.

«Алматы-2 – Түркістан» бағыты бойынша 4 рейс «Алматы-2»-ден 28 қараша және 5, 17, 24 желтоқсан күндері, ал Түркістаннан сәйкесінше, 29 қараша және 6, 18, 25 желтоқсан күндері кері бағытта жүреді.

«Маңғыстау-Бейнеу» бағыты бойынша күнара Маңғыстаудан 28 қарашадан бастап 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін жұп күндері, ал Бейнеуден 29 қарашадан бастап 2020 жылдың 7 қаңтарына дейін тақ күндері жүреді.

«Нұр-Сұлтан — Шу» бағыты бойынша «Тұлпар-Тальго» пойызы 2 рейс 31 желтоқсаннан бастап 2020 жылдың 2 қаңтарына дейін қатынайды.

Сондай-ақ, №712/711 «Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент» коммерциялық пойызы 8 желтоқсаннан бастап күн сайын қатынайды.