Канаданың Торонто қаласында Қазақ мәдениеті орталығы ашылды
Канаданың Торонто қаласында Қазақ мәдениеті орталығы ашылды
157
оқылды

Канаданың ең ірі қаласы Торонтода Қазақстан консулдығында «Қазақ мәдениеті мен қазақстандықтар орталығы» ашылды. Онлайн форматта өткен шара тәуелсіздігіміздің 29 жылдығына орайластырылды деп хабарланды СІМ ресми сайтында.

Қазақстанның Канададағы елшісі Ақылбек Камалдинов диаспораны көптен күткен қазақ мәдениеті орталығының ашылуымен құттықтап, бұл іс-шара Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және композитор Шәмші Қалдаяқовтың 90 жылдығы аясында өткені ерекше маңызға ие екенін атап өтті. «Елшілік Орталықты қазақ диаспора өкілдері мен Канаданың әртүрлі қалаларында тұратын қазақстандықтар үшін, сондай-ақ қазақ халқының тілі, мәдениеті, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен тереңірек танысқысы келетін канадалықтар үшін ашып отыр», - деді отандық дипломат. Орталықта қазақ тілін оқу мен мәдениетімен танысумен қатар, Канададағы отандастарымызды біріктіру мен жақындасуға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізіледі. Бейресми бағалауларға сәйкес, қазіргі кезде Канададағы қазақ диаспорасының саны 12 мыңнан астам адамды құрауы ықтимал. Олардың көпшілігі Канададағы ірі қалаларда – Торонто, Монреаль, Ванкувер, Калгари және Оттавада тұрады.