Күздің алғашқы айында Екатеринбург қаласында «КВН түлектерінің кездесуі» өтті.
Араға екі ай салып аталмыш ойынды «Еуразия бірінші арнасы» эфирден көрсетіп, YouTube-ке жүктеді. Екі күннің ішінде жастардың әзіл-сықақ ойынын 2 миллионнан астам адам қараған.
Кубокты «Сборная Камызякского края» командасы жеңіп алды. Олардың қойылымы барша көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әсіресе қазақ пен орыстың құда болуы турасындағы музыкалық скетчі желіні жарды. Команда капитаны Азамат Мұсағалиев пен Денис Дороховтың «құдалығы», қазақ пен орыстың дәстүрлерінде неше саты алшақтықтың барын әзілмен көрсете білді.
Қамысөзек жігіттерінің ең қызықты қойылымын төмендегі видеодан 1:29 минутынан бастап көре аласыз.https://youtu.be/P-nCfhgL_rA