Павлодарда дүкен өртеніп, 70 адам эвакуацияланды
Павлодарда дүкен өртеніп, 70 адам эвакуацияланды
5,103
оқылды

Павлодарда көтерме-бөлшек сауда дүкенінде өрт шықты.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өрт 13 желтоқсанда сағат 13.30-да 101 пультіне Павлодар қаласының "Ласточка" көтерме-бөлшек сауда дүкенінде, бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас бір қабатты ғимаратта шыққан.  Өрт сөндірушілер келген бойда азық-түлік бөлімінің бутиктері, поликарбонаттан жасалған пластик шатыры жанып жатқаны анықталды.

Өрт сөндірушілер баспалдақ маршы бойынша 70 адамды, оның ішінде 17 баланы эвакуациялады", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген залал анықталып жатыр. Өрт көлемі 350 шаршы метр. Тілсіз жау сағат 14.46-да ауыздықталып, 15.06-да сөндірілді.