Коронавирусты 2 минутта жоятын тіс пастасы
Коронавирусты 2 минутта жоятын тіс пастасы
160
оқылды
Американдық ғалымдар зертханалық зерттеулер барысында құрамында мырыш пен қалайы бар тіс пасталары 2 минут ішінде коронавирусты 99,9 пайыз бейтараптандыруға қабілетті деген қорытындыға келді. Зерттеу нәтижелері British Dental Journal-да жарияланған. Ғалымдар ауыз қуысының гигиенасын қолдана отырып, коронавирустың таралу қарқынын төмендетуге болатынын анықтауға тырысты. Тіс пастасынан алынған әсерден басқа, құрамында цетилпиридиний хлориді бар ауыз қуысына арналған шайғыштар жарты минут ішінде вирусты бейтараптандырады деген тұжырым расталды.
"Нәтиже көрсеткендей, кейбір тіс пасталары мен ауызды шаюға арналған сұйықтықтар SARS-CoV-2-нің таралуын азайтуға көмектеседі ",  – делінген хабарламада.
Клиникалық зерттеу қорытындылары 260 пациенттің қатысуымен дәлелденді.