Қарағандыда электр станциясындағы апат салдарынан ер адам көз жұмды

Қарағандыда электр станциясындағы апат салдарынан ер адам көз жұмды

Қарағанды облысы Топар кентінде орналасқан ГРЭС-2-де қазандықтың бу құбыры жарылып, салдарынан бір адам мерт болып, үш адам күйікпен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агентігі. Бүгін, 13 желтоқсанда Абай ауданында «Каzakhmys Еnergy» ЖШС Топар-ГРЭС-2-де қазандықтан бу құбырының жарылуы орын алды. «Кazakhmys Еnergy « ЖШС ақпараты бойынша 1958 жылы туған ер адам қаза тапты, 3 адам зардап шекті. 1975 жылы туған әйел және 1971 және 1980 жылғы ер адамдар 1-2 дәрежелі күйікпен ауруханаға жатқызылды. «Абай қаласының жылу және электрмен жабдықталуына аталмыш оқиға әсер еткен жоқ. Қазіргі уақытта «Кazakhmys Еnergy» ЖШС күшімен жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», - деп мәлім етті Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі.