Н.Назарбаев: 2023 жылға дейін барлық ауылға сапалы ауызсу беріледі
Н.Назарбаев: 2023 жылға дейін барлық ауылға сапалы ауызсу беріледі
188
оқылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кеңесінде ауылдарды қолдау жұмыстары жөнінде баяндады, – деп хабарлайды Elbasy.kz сайты.

«Үкімет аймақтарды, әсіресе ауылдарды қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құрып, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар қабылдады. Мәселен, 2026 жылға дейін ауылдарды қолдауға шамамен 2 триллион теңге бөлу жоспарланған. Алдағы 3 жылда халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуге 560 млрд теңге бөлінеді. Егер орындалуын қатаң бақыласақ, 2023 жылдың соңына қарай барлық ауылдық елді мекендер сапалы ауыз суға қол жеткізеді», – деді Н.Назарбаев.