Үгіт-насихат жұмыстары Қарақия ауданында жалғасуда
Үгіт-насихат жұмыстары Қарақия ауданында жалғасуда
124
оқылды

10 желтоқсан 18.00-де елімізде алдағы ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауына байланысты үгіт-насихат жұмыстары басталды. Осы орайда "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облысында саяси науқанды жанды форматта жүзеге асыруда. Үгіт-насихат жұмыстарына партияның облыстық филиалы, депутаттыққа үміткерлер белсенді атсалысуда.

13 желтоқсан күні Қарақия ауданында сайлауалды штаб мүшесі Таджибаев Ерлан Жетібай ауылының тұрғыны Жалекеев Нурхат деген азаматтың үйінде канвассинг (кездесу) өткізді. Кездесу барысында Жалекеев Нурхат өзінің тұратын Жаңақұрылыс көшесінің жарық мәселесін қозғады. Көшеде жарық шамдарын ауыстырып беруін өтінді. Және де кәсіпкерлер атынан жалға алатын ғимараттардың газ, су, электр энергиясы ақшасының екі есе қымбат екенін ескере кетті, сол бойынша бағаны халыққа тиімді етіп коюын өтінді. Сонымен қатар аталмыш ауылдың тұрғыны Қоканов Мейрам деген азаматтың шаңырағында да болды. Ол кісі Жетібай ауылына жаңа үлкен футбол алаңы керек екенін айтты. Көше жолдарына бағдаршам орнатып берсе екен деген ұсыныстар тастады. Ауыл халқы да өз тараптарынан алғысын білдіріп, ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізіп жүрген азаматтарға алғысын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін азаматтарды таңдайтындықтарын айтты.

«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық сайлау қорынан төленді