Nur Otan аймақтарда бюджеттің жұмсалуын қатаң бақылауы тиіс – Н.Назарбаев
Nur Otan аймақтарда бюджеттің жұмсалуын қатаң бақылауы тиіс – Н.Назарбаев
115
оқылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының кеңесінде партияның өңірлердегі жұмысын жетілдіруді тапсырды,– деп хабарлайды Elbasy.kz сайты.

«Әрбір әкімнің және мәслихаттардағы фракция депутаттарының партиялық жауапкершілігін күшейту керек. Қазіргі уақытта барлық реформалар аймақтарды дамытуға бағытталған. Мәселен, соңғы 10 жылда жергілікті бюджеттер 3 есеге жуық өсіп, 4,7 трлн теңгені құрады. Бөлінген қаражаттың жұмсалуына партияның қатаң бақылауын қамтамасыз ету маңызды. Сонымен бірге, депутаттар жұмысын одан әрі жақсарту мен барлық мәслихаттардың мәртебесін нығайту шараларын жүргізу қажет», – Н.Назарбаев.