«Барыс» сырт алаңда «Трактордан» басым түсті
«Барыс» сырт алаңда «Трактордан» басым түсті
175
оқылды
Елордалық «Барыс» Челябі қаласында жергілікті «Трактор» командасын 4:2 есебімен ұтты Бұл жеңіс «Барыстың» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында 8-орынға көтерілуіне мүмкіндік берді. Батыс және Шығыс конференцияларында үздік сегіздікке кірген клубтар плей-офф бәсекесіне жолдама алатындықтан, Юрий Михайлис шәкірттерінің бұл жеңісі маңызды еді. Үшінші, шешуші кезеңде Мэтт Фрэттин тағы бір сан басымдылығын мүлт жіберген жоқ – 3:0. Бұдан кейін айдын иелерінен Лоуренс Пилут есепті қысқартса, Линус Видель қайтадан 4:1-ге жеткізді. «Трактордан» Лукаш Седлак тағы бір шайбаның авторы атанғанымен, «Барыс» хоккейшілері өз қақпасын сәтті қорғай білді. Бұл ретте қақпашы Хенрик Карлссонның да еңбегін айта кету керек. Осылайша 35 ұпай жинаған елордалық клуб Шығыс тобында бұған дейін сегізінші орында тұрған «Сибирь» (Новосібір) командасын басып озды. Уфада «Салават Юлаевтан» 1:3 есебімен жеңіліс тапқан «Сибирь» 34 ұпаймен 9-сатыға ығысты. Қоржынында 46 ұпайы бар «Трактор» Шығыс конференциясында 4-орында келеді. Енді «Барыс» біраз үзілістен кейін 19 желтоқсанда Бейжіңде ҚХЛ аутсайдерлерінің бірі – «Куньлунь Ред Стар» командасымен кездеседі.