Алматыда «Желтоқсан» саябағы ашылды
Алматыда «Желтоқсан» саябағы ашылды

Бүгін Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаровтың, зиялы қауым және қоғам өкілдерінің қатысуымен Түркісіб ауданында «Желтоқсан» саябағы салтанатты түрде ашылды.

«Желтоқсан» саябағы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен ашылды. Қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан саябақтың ауданы 100 гектар. 2020 жылы коронавирус індетіне қарамастан саябақ салудың алғашқы кезеңі жүргізілді. Саябақ ішінде 8 балалар және 7 спорттық алаң бар. 2021 жылы саябақты салу жұмыстары жалғасын табады. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша, саябақтың алдағы уақыттағы жоспары желтоқсаншылар ұйымдарының басшылары және сол маңда тұратын тұрғындардың пікірін ескере отырып қабылданады. Келе жатқан Тәкелсіздік мейрамымен құттықтаймын! 1986 жылғы оқиғаның бәріміз үшін маңызы зор. Ол Қазақстанның Тәуелсіздігінің қалыптасу тарихында және халықтың жадында қалары сөзсіз, - деді ашылу рәсімінде Ержан Бабақұмаров