Никонов тағы да Қазақстанға қатысты екіұшты мәлімдеме жасады
Никонов тағы да Қазақстанға қатысты екіұшты мәлімдеме жасады
5,171
оқылды
Ресейдің мемлекеттік «Первый канал» арнасынан РФ Мемлекеттік Думасының Білім және ғылым жөніндегі комитетінің төрағасы әрі «Большая игра» бағдарламасының жүргізушісі Вячеслав Никонов “Қазақстанның территориясы – Ресейдің сыйы” деген еді. Бұдан кейін бұл мәлдімдеме әлеуметтік желіде шу тудырды.
Осыған байланысты Вячеслав Никонов өзінің Telegram-каналында: “Меніңше, Қазақ КСР-інің шекарасын айқындауда Қазақстанның мүддесі толықтай сақталды. “Большая игра” бағдарламасында мен дәл осыны айттым. Осы сәтті пайдалана отырып, бауырлас Қазақстан халқына ең жылы сезімдерімді тағы да білдіргім келеді,” – деп жазған (https://t.me/VA_Nikonov/264). Осылай деген депутаттың қазақстандықтардан ашық кешірім сұрауға дәті жетпей отырғаны байқалады.