«Ол өте әлсіз болды». Қарағандыда анасы соққыға жыққан бала құтқарылды
«Ол өте әлсіз болды». Қарағандыда анасы соққыға жыққан бала құтқарылды
5,111
оқылды

Қарағанды қаласының полиция қызметкерлері мен мамандар анасы соққыға жыққан баланы алып кетті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

24 қараша күні кешкісін аталған отбасының көршісіне полиция қызметкерлері келіп, анасы мен өгейәкесі соққыға жыққан баланың жағдайына куәгер болын сұраған.

«Тәртіп сақшылары күзет қызметінің мамандарымен бірге, баланың зорлық-зомбылықтан зардап шегу қаупі барын айтты. Осының алдында денесіндегі ісікпен ауруханаға түскен баланы анасы күштеп алып кеткен. Бірақ баланың жағдайы әлі ауыр. Сондықтан олар есікті күшпен ашып, баланы құтқару керек екенін түсіндірді», – дейді отбасының көршісі.

Оқиға барысын куәгер камераға түсірген.

«Бәрі өте жылдам болды. Есік ашылған сәтте, бала маған медициналық көмекке мұқтаж болып көрінді. Ол өте әлсіз болды. Дәрігерлер оны дәл сол жерде қарап, бәрімізді полицияға алып кетті», – деп қосты куәгер.

https://youtu.be/WolipXznf5c

«Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ведомствоның хабарлауынша, баланың ата-анасына қатысты Қылмыстық кодекстің 140-бабы «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір сәби дәрігерлердің бақылауында.