16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі
16 желтоқсаннан бастап қатаң локдаун енгізіледі

Шектеу талаптары:

– Дүкендер 10 қаңтарға дейін жабық болуы керек (азық-түлік дүкендерін қоспағанда). – Рождество мерекесінде 2 отбасы, 5 адамнан артық жиналуға болмайды. 10 адамға дейін тек жақын туыстар ғана жинала алады. Жаңа жыл мерекесі күндері шектеу шаралары жеңілдетілмейді; – Мектептер жабық болады; – Шіркеу қызметтеріне тыйым салынбайды. Бірақ шіркеу ішінде 1,5 метр арақашықтықты сақтау керек. Міндетті түрде бетперде тағуы тиіс; – Шаштараз, сұлулық студияларының қызметіне тыйым салынады; – Қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішуге тыйым салынады. Тамақтану орындарын үшін тек өзімен алып кету, жеткізу қызметінің жұмыс істеуіне рұқсат етіледі; – Германияға шетелден келушілер елге коронавирусқа шалдықпағанын дәлелдейтін анықтамамен және 5 күндік оқшауланудан кейін ғана кіруіне болады.

Үкімет Biontech/Pfizer вакцинасын қолдануға рұқсат 29 желтоқсан күні берілетінін хабарлады.

Ангела Меркель Германияда КВИ-ге қарсы екпе егу басталатынын мәлімдеді.