Жамбыл облысында жаңа спорт кешені ашылды
Жамбыл облысында жаңа спорт кешені ашылды
353
оқылды
Мұнда түрлі спорттық іс-шаралар, аудандық және облыстық деңгейдегі жарыстар, сондай-ақ жаттығу өтеді. Кешенде үлкен арена, әмбебап зал, бокс және күрес залы және 4 киім ауыстыратын бөлме бар.

«Мемлекет басшысы бұқаралық спортты дамытуға ұдайы көңіл бөледі. Біздің облыста 13 дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде, оның төртеуі – Қордай ауданының ауылдарында. Әлжан ана ауылында жаңа спорт кешенінің ашылуы салауатты өмір салтын ұстануға ықпал ететініне сенеміз. Енді ауылдың ұл-қызы, өзге тұрғындардың да аудан орталығына баруға уақыт пен қаражат жұмсамай, жақын жердегі кешенде спортпен айналысатыны қуантады», – деді Бердібек Сапарбаев.

Сондай-ақ, спорт кешенінің ашылу салтанатына Жамбыл облысының тумасы, ІВА бойынша кәсіби бокстан әлем чемпионы, Азия чемпионы, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Марат Мәзімбаев та қатысты. Кәсіпқой спортшы осы спорт кешенінде жаттыққан спортшылар ел намысын қорғайтын чемпион болатынына сенім артып отыр.    width=  width= Барлық спорт залдары қажетті құрал-саймандармен жабдықталған. Мұнда Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 120 оқушысын 6 бапкер жаттықтырады. Бұл бастама Жамбыл облысындағы алғашқы жоба емес. Биыл өңірде әмбебап спорт алаңдары ашылды. Қордай ауданында білім алуында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған психологиялық-педагогикалық қолдау кабинеті мен ресурстық орталық ашылады. Таразда Елбасының «Қамқорлық» бастамасы аясында оңалту орталығы және мүгедек балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеті қолданысқа беріледі. Спорт кешенін салуға «Самұрық-Қазына» қаражат бөлді.