Малшы бағып жүрген сиырларды сатып жіберген
Малшы бағып жүрген сиырларды сатып жіберген
158
оқылды

Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Ордабасы АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ауыл сыртында мал бағатын малшыға тоғыз ірі қара малын сеніп тапсырған. Бірақ малын қайтарып ала алмаған. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 189-бабы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша СДТБТ-ға тіркеді. Оқиғаның жай-жапсарын тәртіп сақшылары тексерді. Күдікті азаматты ПБ-не жеткізіп, одан жауап алды.

Тергеу барысында анықталғандай, жәбірленуші әйел алты бас жылқысын және үш бас сиырын малшыға сеніп тапсырған.

Алайда күдікті үш сиырды 400 мың теңгеге сатқан. Ақшасын өз пайдасына жаратқан. Жылқыларды қараусыз далаға айдап жіберген.

Жалпы, шығын көлемі – 3,5 миллион теңгеге жуық.