Ол үшін республикалық бюджеттен 16 млрд теңге бөлінеді.
Бұл туралы осы аймақтағы жұмыстарды қадағалауға келген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.«Түркістан облысының оңтүстік аймақтарының дамуына оң серпін беретін 67 жобаны қолға алдық. Оның 10 жобасын Үкімет мақұлдап, тиісті қаражат бөлетін болды. Бұдан бөлек, облыстық бюджет есебінен 40 млрд теңге қаралып, 57 жоба іске асырылып жатыр. Ол қаржының 30 млрд теңгесі биыл бөлінсе, 10 млрд теңгесі келесі жылы осы жобаларды аяқтауға бөлінетін болады», – деді өңір басшысы.
Былтыр облыс дамуының Кешенді жоспары жасалғанда негізгі басымдық халық саны 1 миллионға жуықтайтын оңтүстік аймақтың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға беріліп, жол, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы және әлеуметтік нысандар көптеп салынуда.